7-20-25 бағдарламасына қатысушылар ашық пікір алмасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен баспана конгресінде жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар «7-20-25» бағдарламасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағдарлама тиімді. «Нұрлы жер» бағдарламасы басталған кезде ондағы талаптар нарықта бәсекеге түсе алмай, түзетулер енгізілген болатын. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі халыққа пайдалырақ мүмкіндік ұсыну. Менің ойымша, «7-20-25» бағдарламасын қайта қарау керек. «Баспана» қоры мен екінші деңгейлі банктер мемлекет бөлген қаражатты игеру үшін қарыз алушыларға жеңілдік жасауы керек. Сонда ғана бұл бағдарлама біраз адамның пайдасына шешіледі», - деді Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының қатысушысы Роман Костенко.

Жылжымайтын мүлік саудасындағы сарапшы Сайлаубек Есқалиев бағдарламаның еліміздегі баспана нарығына жаңалық әкелетінінен үмітті.

«Бүгін де сатып алушылар екіге тарапқа бөлінді. Адамдардың басым бөлігі 7 пайыз бен 20 пайыздық алдын ала төлем сомасының тиімділігін айтса, қарызды өтеп бітетін мерзімнің өзгеруін қалайды. Бұл бағдарлама нарықты адам танымастай өзгертетіні анық», - деді ол.

Жылжымайтын мүлкі нарығында сарапшы Кирилл Кашинде өз кезегінде пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, мемлекет үшін ең пайдалы тәсіл жылжымайтын мүлік арқылы экономиканы қаржыландырып, баспаналы болғысы келетіндердің жағына шығу.

«Айтылған ойлардан шығаратын түйін мұндағы жағдайдың Ресейдегіден әлдеқайда жеңіл екенін байқатады. Баспананың 7 пайызбен берілуінің өзі үлкен жеңілдік. Тіпті бұл бағдарлама үй салушылардың ыңғайына жасалған күнде де, олар есеп беретіндіктен үлескерлердің алдануына да жол берілмейді. Саудасы жүрмей жатқан үй салушылар нысанды ертерек бітіріп, бағдарламаға ілігуге тырысатын болады. Тиісінше үйлер де пайдалануға дер кезінде беріледі»,-деді ол.

Оның ойынша, нарыққа қаржы шақыратын кез-келген бағдарлама мемлекет үшін тиімді.

«Енді бұл ақша екінші деңгейгелі үйлерге жұмсалатын болса, нарықтағы өтімділік артар еді. Менің көрген тәжірибеде мұндай бағдарламалар мүмкіндікке құрылған болса, мемлекет одан айтарлықтай үміт күтуіне болады», - деді Кирилл Кашин.

Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді.

Соңғы жаңалықтар