«7-20-25» бағдарламасымен сатылатын тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер сатып алуға болатын еліміздегі тұрғын үйлердің тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ипотекалық ұйым мәліметінше, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 10 облысында аталған бағдарлама арқылы 1789 пәтерді сатып алуға болады. Тұрғын үйлердің басым бөлігі, нақты айтқанда 59-ы Алматы қаласында, ал 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Айта кетейік, жылдық үстемесі 7 пайызды құрайтын, 25 жылға 20 пайыздық бастапқы жарнамамен берілетін ипотекалық тұрғын займын 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап еліміздің екінші деңгейлі банктері бере бастаған еді. ҚР Ұлттық банк мәліметінше, осы уақытқа дейін, қарыз алуға 125,3 млрд теңге сомасына 11 021 өтініш қабылданды. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар