7-20-25 бағдарламасымен пәтер алуға 33 мың адам өтінім берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 33 355 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 382,69 млрд теңге сомасына 33 355 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 226,55 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 580 өтінім мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар