«7-20-25» бағдарламасымен 38,4 мың өтінім мақұлданды – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы бойынша 66 мыңға жуық өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша , «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 804,4 млрд теңгеге несие алуға 65 913 өтініш қабылданды. Оның ішінде 470,7 млрд теңгеге 38 461 несие мақұлданды», - делінген ҰБ хабарламасында.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар қосымша ақпарат ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қолжетімді.



Соңғы жаңалықтар