«7-20-25» бағдарламасы, зейнетақы активтері: Ерболат Досаев Президентке есеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президентіне биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді.

Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар