Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шарттарын өзгертеді

2018 жылғы 14 наурыз 15:28 5185
Бөлісіңіз:
«7-20-25» бағдарламасы: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шарттарын өзгертеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына байланысты жинақтау жүйесінің шарттарын өзгертетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, біз барлық бизнес жоспарымызды қайта қарайтын боламыз. Алғашқы жарнаның көлемін де қайта қараймыз. Бұдан бөлек, кейбір шарттар бойынша несиенің мерзімі ұзаратын шығар. Соған басымдық береміз. Себебі тұрғын үй жинақ жүйесінің негізгі мақсаты да сол - ақшаны жинау. Белгілі бір сома жиналғанда несие беріледі. Ал алғашқы жарнаны азайту шарттары тек жаңа үйлерге қатысты болады. Қазір ескі үйлер нарығында баға түсіп, стагнация байқалады. Сондықтан ескі үйлерге қатысты шарттар өзгермейді», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Банк басшысының айтуынша, проценттік мөлшерлеме де өзгереді. Бірақ ол да жаңа үйлерді сатып алу несиелеріне ғана қатысты болады.

Айта кетейік, Үкіметтің кешегі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасын таныстырды. Бас банкир 7 проценттік ипотеканың басты талабын да жариялады.

Ал Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков арзан ипотеканың қай кезде берілетінін айтып берді.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат