«7-20-25» бағдарламасы шарттарын өзгертіп, қайта іске қосу ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Құрылысшылар одағы «7-20-25» бағдарламасы шарттарын өзгертіп, қайта іске қосуды ұсынып отыр. Бұл туралы аталған одақ төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспасөз мәслихатымыз баспанаға мұқтаж адамдарды пәтермен қамтамасыз етуге арналады. Мемлекеттік органдар, Үкімет өз шешімдерін негіздей алмаған кезде әруақыт құрылысшылар шешім бермей отыр дейді. Сондықтан біз шешім беріп қана қоймай, ұсыныстарымызды да жасағымыз келеді. Ең алдымен, «7-20-25» бағдарламасы шартын 25 жылдан 35 жылға өзгертіп, Қазақстанның тұрын үй компаниясының кепілі бар салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік беру қажет. Бағдарлама Қазақстанның тұрғын үй компаниясы аясында ғана жұмыс істейтіндігін білесіздер. Банктермен жұмыс істемейді», - деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Талғат Ерғалиев тұрғын үй құрылысын арнаулы экономикалық аймақ аясында да жүргізіп, инженерлік желілерді уақытылы тарту қажеттігін айтады.

Оның атап өтуінше, бұл іс-шаралар халықтың әл-ауқатын арттырып, құрылыс нарығы мен пәтер бағасын тұрақтандырады. Жұмыс орындары санының артуына сеп болып, бюджетке салық түсімдерін арттырады.


Соңғы жаңалықтар