«7-20-25» бағдарламасы қай облыстарда қарқынды жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«7-20-25» бағдарламасына ясында 18 қазан күнгі ақпарат бойынша, Қазақстанның барлық аймақтарынан 44,5 млрд теңге сомасына өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда банктер тарапынан 30,1 млрд теңгеге өтініштер мақұлданды», - деді Қайрат Алтынбеков.

Оның атап өтуінше, қыркүйек айының көрсеткіштері тамыз айынан екі есе асты. Сонымен қатар, қазан айының көрсеткіштері қыркүйектен жоғары болады деп күтілуде.

«Аймақтарға тоқталсақ, бағдарлама Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарында қарқынды іске асуда. «7-20-25» бағдарламасы аясында халыққа кең көлемде түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде барлық ақпарат жедел таратылады, тәулік бойы режімде call-орталық іске қосылған», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы.

Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанктің де қатысуы мүмкіндігі туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар