+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады

2021 жылғы 8 қыркүйек 10:36
Бөлісіңіз:
«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасына бюджеттен бөлінген 1 трлн теңгенің 36,2%-ы игерілген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сауалына мамандары берген жауабында айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі

«7–20–25» бағдарламасы бойынша кредиттеудің индикативтік көлемі 1 трлн теңге мөлшерінде айқындалды. Бағдарлама несиеге бөлінген қаржы толық игерілгенше жалғасады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 367 млрд теңгенің несиесі берілді. Соның арқасында 30 мыңнан астам отбасы жеке баспанаға ие болды. Осылайша, бүгінгі таңда бағдарламаның нысаналы көрсеткішінің 36,2%-ы игерілді», - деп жазылған жауапта.

Банктің бапасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдан бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін жеке құрылыс салушылар 290 873 тұрғын үй салған. Соның тек 10,3%-ы «7–20–25» бағдарламасы бойынша сатып алынған.

«Салынған тұрғын үйдің шамамен 80%-ын халық құрылыс кезеңінде сатып алатынын, сондай-ақ тұрғын үйді нарықта өткізудің жалпы көлеміндегі бағдарламаның үлес салмағын ескерсек, нысаналы көрсеткішке қол жеткізу ұзақ уақытты талап етеді», - деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Айта кетсек, Ұлттық банк «7-20-25» бойынша берілетін несиенің шегі көтерілмейтінін мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT