«7-20-25» бағдарламасы бойынша СҚО-да 500 пәтер пайдалануға беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін «7-20-25» жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 500 пәтер пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, «Жас өркен» ықшам ауданында ипотекалық несиеге берілетін 332 пәтерлі тұрғын үйдің бір шаршы метрі 169 мың теңге тұратын болады. Бұдан басқа биыл «Береке» ықшам ауданындағы және Жуков көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлер, Бәйтерек ауылындағы, Куйбышев орман шаруашылығындағы баспаналар тапсырылады.

«7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт, бұдан басқа төлем қабілеттілігі ескеріледі. Баспана алғысы келетін адамның еңбекақысы арзан несиеге жетуі керек. Басқа ипотекалық несиелері және атында тұрғын үйі болмауы қажет», - дейді «Қазақстанның Ұлтық банкі» СҚОФ директоры Диас Мэлс.

Оның айтуынша, осы бағдарламаға қатысуға қазақстандықтардан бүгінгі күні 4 мың 657 өтініш түскен. Олар қалаулары бойынша еліміздің кез-келген өңірінен, мысалы, Петропавл қаласының тұрғыны Астана қаласынан баспана ала алады.

Басқа ипотекалық несиелерге қарағанда, «7-20-25» бағдарламасының шарттары әлдеқайда тиімді. Алайда, осы күнге дейін солтүстікқазақстандықтардың  тек 3 өтініші ғана мақұлданған. «Қазақстанның Ұлтық банкі» СҚОФ директоры Диас Мэлстің айтуынша, бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілердің көп жағдайда кірісі жетпейді және кредиттік тарихы нашар.

Естеріңізде болса, «7-20-25» бағдарламасы елімізде биыл шілденің 4-і күні іске қосылды. Осы аралықта 36,4 млрд теңгенің 3036 өтініш мақұлданған. 

Соңғы жаңалықтар