«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несие беруге 1 026 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша қарыз алуға 18,6 млрд теңгелік сомаға 1 586 өтініш қабылданды. Оның ішінде 11,9 млрд теңге сомаға қарыз беруге 1 026 өтініш мақұлданды», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар, азаматтар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса алады.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда өткен баспана конгресінде жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар «7-20-25» бағдарламасын талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар