«7-20-25» бағдарламасы бойынша игерілмеген қанша қаражат қалды – ҰБ жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасына түскен өтінімдер сомасы қалған ақшадан асып кетті. Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының тағдырын қалай шешпекші. Бөлінген қаражат аяқталғанша жалғаса ма, әлде жаңа жылдан кейін тоқтатыла ма?», - деп сұрады журналист.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша түскен өтінімдердің сомасы қалған қаражаттан көп.

«Бұған дейін де мәлімдегеніміздей, ақша толық игерілгенін күтеміз. Естеріңізде болса, Ұлттық банк пандемия кезінде экономиканы қолдауға қатысқан болатын. Біз 7 бірдей бағдарламаның бір бөлігі болдық. Оның бесеуі аяқталып қойды. Енді екі бағдарлама қалды. Біз бұрын мәлімдегеніміздей, бұл бағдарламалардан жоспарлы түрде шыға береміз. «7-20-25» бағдарламасынан біз бөлінген ақша толық игеріліп біткенде шығамыз. Нақты қашан шығатынымыз ақшаның қаншалықты жылдам игерілгеніне байланысты болады. Менің есімде болса, өтінімдердің сомасы бағдарламадның қалған қаражатынан асып кеткен болуы керек», - деді Ұлттық банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар