«7-20-25» бағдарламасы бойынша биыл 24 мыңға жуық өтінім мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазандағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 417 млрд теңгеге 450 өтінімді мақұлдап, 380,4 млрд теңге сомасына 661 қарыз берді. Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 қазанда кәсіпкерлер 563,9 млрд теңге сомасына 2 275 өтінім берді, 419,5 млрд теңгеге 3 887 қарыз берілді. Оның ішінде 65,8 млрд теңге бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 8 қазанда 280,5 млрд теңгеге 23 935 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 219,4 млрд теңге сомасына 18 822 қарыз берілді. Ал Ұлттық банктің «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 8 қазанда 374 млрд теңге сомаға 42 736 өтінім мақұлданды, 294 млрд теңге сомасына қарыз берілді.«, - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар