«7-20-25» бағдарламасы бойынша Алматыда алғашқы ипотека берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екінші деңгейлі банктерлің бірінде 7-20-25 бойынша алғашқы несие берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып бұл заемға 25 жастағы бойжеткен Нарбота Бақытхан қол жеткізді.  Ағарту орталығының менеджері Нарбота Бақытхан үшін баспана мәселесі өте өзекті болған.

3 жыл бойы ақша жинап келген бойжеткеннің таңдауы Ақсай шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне түскен.

«Мен өте қуаныштымын. Енді тек кілтін алып, үйге кіру ғана қалды. Осы үйде отбасыммен тұрамын деп ойлаймын. Ата-анам мен үшін өте қуанышты», - деді Нарбота.

Бағдарламаның қаржылық серіктесі «Центр Кредит банкі» банкінің өкілдері алғашқы клиентіне гүл сыйлап құрмет көрсетті.

«Халықтың күткені осы бағдарлама болды. Бүгінде Қазақстанның 6 өңірінде Алматы, Орал, Астана, Өскемен, Ақтау, Қостанай қалаларында алғашқы заемдар берілді. Біз үшін ең басты талап - адамның төлем қабілеттілігі. Бұл бағдарламаның болашағы жарқын»,- деді «Центр Кредит банкі» АҚ төрағасының орынбасары Тимур Ишмуратов.
null 

Мамандардың айтуынша, барлық шарттар 25 жыл бойына өзгеріссіз қалады. Ал сатып алынатын үй құны 25 млн теңгеден аспауы тиіс.

Кске сала кетсек, кеше Қазақстанда 7-20-25 бағдарламасы ресми түрде ашылған болатын. 

Клиенттер Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несие ала алады.  Жыл соңына дейін бұл тізімге Сбербанк пен Forte банк қосылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар