«7-20-25» бағдарламасы бойынша 97,4 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы бойынша 97,4 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 20 маусымдағы дерек бойынша, жалпы сомасы 160,2 млрд теңге болатын 14 144 өтінім қабылданды. Соның ішінен 97,4 млрд теңгелік 8 442 өтінім мақұлданды», - деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасымен тұрақты табысы бар, басында баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары баспана алуына болады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%, бастапқы жарнасы 20%. Несиені 25 жылға дейін ресімдеуге болады.

Автор: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар