«7-20-25» бағдарламасы бойынша 6450 өтініш мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша, қарыз алуға 125,3 млрд теңге сомасына 11 021 өтініш қабылданды. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлданды», - делінген таратылған ақпаратта.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласып, мәлімет алуға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен танысуға мүмкінідк бар.

Соңғы жаңалықтар