«7-20-25» бағдарламасы бойынша 640 өтінім қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік жобларждың жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 тамызға дейін барлығы 11,9 млрд теңге қарыз алуға 1039 өтінім қабылданды. Оның ішінде 640 өтінім мақұлданды. Бұл өтінімдер бойынша 7,3 млрд теңге несие беріледі», - деді Ұлттық банктен. 

«7-20-25» - ҚР Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қолға алынған бағдарлама. 

Мамырда қабылданған бағдарламаға сәйкес клиенттер 20 жылға алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеп, 7 пайыздық үстемемен үй ала алады. 

Жаңа ипотекалық бағдарламаға кез-келген азамат қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар