«7-20-25» бағдарламасы бойынша 54 мың қарыз берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында 54 022 қарыз берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 млрд теңгеге 54 022 қарыз берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар