«7-20-25» бағдарламасы бойынша 38 мыңнан аса өтінім қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 444,7 млрд теңге сомасына 38 301 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 257,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 22 046 өтінім мақұлданды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар