«7-20-25» бағдарламасы бойынша 148,4 млрд теңге несие мақұлданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7-20-25 бағдарламасы аясында 22 094 несие алуға өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша 249,7 млрд теңге сомасына 22 094 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148,4 млрд теңге несиеге 12 955 өтінім мақұлданды», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-ды құрайды. Ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.

Соңғы жаңалықтар