7-20-25 бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам өтінім мақұлданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7-20-25 бағдарламасы аясында несие алуға 19 544 өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 17 қазанына дейін 220,9 млрд теңгеге 19 544 өтінім қабылданды. Оның ішінде құны 131,8 млрд теңге болатын 11 520 өтінім мақұлданды», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты табысы бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылына 7%.

Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20%. Несие мерзімі - 25 жылға дейін.

Соңғы жаңалықтар