«7-20-25» бағдарламасы бізге бәсекелес емес - Ләззат Ибрагимова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «7-20-25» бағдарламасына неге қатыспайды. Бұл сауалдың жауабын бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз классикалық ипотекалық банк емеспіз. Біз - тұрғын үй құрылыс жинақтаушымыз. Жүйеміз мынадай, алғашқы жарнама 20 пайыз болып, адам 50 пайызын жинаса да, тіпті несиесі болса да тұрғын үй заемының төмендетілген ставкасына көшуі тиіс. Ал «7-20-25» бағдарламасында ставка 25 жыл бойы 7 пайыз болып белгіленген. Ал бізде жылдық не 5 пайызға, не 3,5 пайызға ауысу үнемі болып тұрады», - деді банк басшысы.

Дегенмен, ол «7-20-25» бағдарламасына қатысудың оңтайлы жолдары осы жылдың 1 жартыжылдығында табылып қалуы мүмкін екендігі де айтты. Оның сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама іске қосылғаннан кейін де банк салымшыларының ешқайсысы өз қаражаттарын алып кетпеген.

«Өйткені, коммерциялық банктердің төлем қабілетті бағалауы кірісі 300 мың теңгеден асатын адамдарға ғана өтуге мүмкіндік береді. Ал біз кірісі тіпті 250 мың теңгеден де төмен халықпен жұмыс істейміз. Сондықтан салымшыларымызға төлем қабілетін бағалаудан өтуге кеңес береміз. Әдетте олар бас тартуға тап болып, бізге оралып жатады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, 2018 жылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 380 жаңа депозит ашылған.

«Коммерциялық банктер бас тартқандар бізде кірісі 200 мың, 150 мың теңгеден де төмен адамдардың заем мен несие алғандығын көріп, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» келіп жатыр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» «7-20-25» бағдарламасына ұқсас шарттар да бар. Аталған шартқа сәйкес бастапқы 20 пайыз жарна жинаған азаматтарға несие жылына 7 пайыздық ставкамен беріледі.

Соңғы жаңалықтар