«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 113 440 өтінім қабылданды – Ұлттық банк

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,5 трлн теңге несие алуға 113 440 өтінім қабылданды.

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған соманың ішінде 748 млрд теңгеге 57 830 несие мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар