«7-20-25» бағдарламасы: Алматы облысында 2500 тұрғын үй салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында 2509 тұрғын үй бой көтереді. Осы нысандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын реттеуге бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша Талғар, Іле, Қарасай, Панфилов аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалаларында үй салынатын 26 тұрғын аудан анықталды. Олардың қатарында Талғар ауданындағы "Алма Тау", "Көк Алатау", "Alma Village", "Нүрия", "Пугачев", Қарасай ауданындағы "Алатау ажары", "Қарлығаш", "Өмірзақ", "Өркен" және Іле ауданындағы "Қоянқұс" жеке тұрғын үй кешені мен Панфилов ауданындағы "Нұркент", Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын ауданындағы үйлерге сұраныс басым.

«Жоспар бойынша осы алаптарда жалпы аумағы 3,8 млн. шаршы метр болатын 103,7 мың пәтерлі 2509 тұрғын үй бой көтереді. Осы нысандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын реттеуге бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінген», - делінген ведомствоның жариялаған ақпаратында.

Сонымен қатар, өңірдегі екінші деңгейлі банктер де бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысуда. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер құны 2,0 млрд. теңге болатын 197 өтінім қабылдаған. Оның ішінде сомасы 1,2 млрд. теңге болатын 113 өтінім мақұлданған. Нәтижесінде «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болатындар қатары арта түспек.

Соңғы жаңалықтар