«7-20-25» бағдарламасы: Ақтөбеде 39 өтінім мақұлданды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданып жатыр. Қазігі кезде 15 адам құжатын рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 320 миллион теңгеге 39 өтінім мақұлданды. Барлығы 15 адам құжаттарын рәсімдеп алды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

«Бағдарлама бойынша тек жаңа тұрғын үйді сатып алуға болады. Сондықтан жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін кем дегенде 8-10 пайызға арттыру қажет. Бізде жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі - орта есеппен 120-150 мың теңге. Тұрғын үй бағасы қолжетімді болғандықтан, біздің аймақта «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру әлеуеті өте үлкен»,- деді С.Төленбергенов.

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде барлығы 870 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі. Шамамен аймақтың 24 мың тұрғыны жаңа пәтерге қоныстанады. 

Соңғы жаңалықтар