7-20-25 бағдарламасы: Ақмолада 350 млн теңгенің өтінімі мақұлданды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «7-20-25» бағдарламасына 350,9 миллион теңгенің өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық құрылыс басқармасының мəліметі бойынша, өңірде «7-20-25» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Өңірде «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алу үшін 350,9 миллион теңгеге 42 өтінім мақұлданған. Барлығы 14 адам құжаттарын рəсімдеді. Тұрғын үй бағасы қолжетімді болғандықтан, өңірде «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырудың əлеуеті зор», - деп көрсетілетін хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдың жеті айында Ақмола облысы бойынша жалпы көлемі 276,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді.

Оның 12,073 мың шаршы метрі несиелік, 79,4 мың шаршы метрі коммерциялық жəне 181,9 мың шаршы метрі жекеменшік тұрғын үйлер.

Жалпы, соңғы сегіз жылда «Қолжетімді баспана», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында Ақмола облысында мемлекет қаржысы жəне инвестиция есебінен 2 494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген екен.

Биылғы жылы Көкшетау, Атбасар, Щучинск қалаларында, Балкашин, Астрахан селоларында, Қосшы мен Сабынды ауылдарында жалға берілетін 511 пəтерлік

14 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар