7-20-25: Бағдарлама аясында 34 мың өтінім мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасы бойынша 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2021 жылғы 6 мамырда 709,3 млрд теңгеге 59 070 өтінім келіп түсті. 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2021 жылғы 6 мамырға дейін 1,2 трлн теңгеге 127 578 өтінім келіп түскенін айтты.

«Оның ішінде 651,6 млрд теңгеге 69 099 өтінім мақұлданды», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар