«7-20-25» аясында кепіл мүлкін кедергісіз сату мүмкіндігі болуы тиіс - Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасына тоқталған ҰБ басшысы: «Мемлекет басшысының «Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін құқықтық орта құру қажет. Ол кредитор мен қарыз алушының мүдделері арасында теңдікті қамтамасыз етеді. Бағдарламаның болашақта орнықты болуының маңызды талабы банк пен борышкердің нарықтық принциптерді сақтауы болып табылады. Оның ішінде проблемалық берешекті сотқа дейін реттеу маңызды», - деді.

Сонымен қатар Данияр Ақышев кепіл институты жан-жақты болуы керек екенін, кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлкін кедергісіз әрі дереу сату мүмкіндігі болуға тиістігін атап өтті.

«Мұндай түзетулерсіз 7-20-25 бағдарламасын сәтті іске асыру мүмкін емес. Заңнамалық түзетулер қабылданған жағдайда, банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар