Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

«7-20-25» автомобиль несиесі іске қосылатын мерзім анықталды

2019 жылғы 5 ақпан 11:50 1934
Бөлісіңіз:
«7-20-25» автомобиль несиесі іске қосылатын мерзім анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев отандық автомобильді сатып алуға кредит берудің жаңа бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастырады.  Қадағалау бойынша халықаралық практиканы енгізуді жалғастырамыз. Оның ішінде тәуекелге бағдарланған негізде  кредиттеуді арттыруда маңызды қадамдардың бірі - кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер. Бұл түзетулерді заңнамаға енгізу керек. Бұл түзетулер кредиторлардың кәсіпорын банкроттығына мүдделілігін арттырады. Нақты секторды қалыпқа келтіреді. Эконокамикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді»,-  деді ол.

Оның айтуынша, Ұлттық банк  2019 жылы банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау жұмысына дайындықты бастайды. Бұл мәселені банктермен талқылау жүргізіліп жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы сияқты біз халықтың отандық автомобильді сатып алуына кредит беру бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз. Бұл үшін жұмысты мемлекеттік органдар және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағдарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз», -  деді Данияр Ақышев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT