«7-20-25»: Атырау облысында 10 отбасы пəтер иесі атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырауда «7-20-25» бағдарламасының бір ай жұмыс қорытындысы бойынша 10 отбасы ипотекалық қарыз алып, пəтер иесі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының бес əлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «7-20-25» қолжетімді баспана бағдарламасы басталған болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстарды Ұлттық банк шілде айында іске қосты, бүгінгі күні Атырау облысында 10 отбасы пəтерге ие болып, 16 үміткер оң шешім алды.

«Мен «7-20-25» бағдарламасының арқасында ЦентрКредит банкінің көмегімен бес жылға Нұрсая ықшамауданынан   үш бөлмелі пəтер алдым. Алдымен, сіз пəтердің ауданын таңдайсыз, содан соң құрылыс салушымен алдын ала шарт ресімдейсіз. Содан кейін шартты банкке апарасыз, ол жерде құжаттар төрт күннің ішінде қаралады. Мақұлдағаннан кейін нотариусқа барасыз. Құжаттармен барлық жұмысқа төрт-бес күніңіз кетеді»,- дейді «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пəтер алған Ербол Есенғарин.

Ұлттық банктің Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Серік Омаровтың айтуынша, осы бағдарлама аясында екінші деңгейдегі 7 банк жұмыс істейді. Бүгінгі күні «ЦентрКредит» банкі ипотекалық несие беруді бастады. Атап айтар болсақ, Еуразиялық банк, АТФ, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, Халық банкі, РБК банкі және Цеснабанк тамыз айының сонында несие беруді бастайды.

Айта кетелік, 2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда. Сондай-ақ, бұл тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші, бұл аймақтағы тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көлем. Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй құрылысының мұндай өсуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың төмендеуіне оң әсер етеді. 

null

Соңғы жаңалықтар