«7-20-25»: Ақтөбеліктер үшін пәтердің бастапқы жарнасы төмендеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еліміздегі «7-20-25» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы меморандумға қол қойды. Енді алқашқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызы жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге келген партияның хатшысы Тамара Дүйсенова бүгін бес әлеуметтік бастама аясында атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Әрі «Баспана» ипотекалық компаниясы мен облыс әкімдігі меморандумға қол қойды. Бұл Ақтөбеде құны 2 миллиард теңге болатын қосымша тұрғын үй пайдалануға беріледі деген сөз.

«Бұл біздің халық үшін үлкен көмек. Негізінен бұл бағдарлама бойынша көпбалалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыға көмек беріледі. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер де бар»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Ұлттық банкке Қазақстан бойынша 26 миллиард теңгенің өтініші түсті. Оның 18 миллиард теңге болатын несиесі мақұлданды.

«Нұр Отан» партиясының тапсырмасымен «Жас арман» және «Қамқор баспана» бағдарламасы енгізілді. Барлығы 2 миллиард теңге баспанаға беріліп отыр. Бұл адамдардың баспаналы болуына септігін тигізеді»,- деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков. Яғни, Ақтөбе облысында баспана алуға ниетті адамдар енді пәтер құнының 10 пайызын жинаса жеткілікті. Негізінен «7-20-25» бағдарламасы аясында 88 өтініш мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Ұлттық банк және екінші деңгейлі банк филиалдарымен жұмыс атқарылып жатыр. Өңірде осы бағдарлама негізінде 24 мыңға жуық азамат пәтер алуға ниет білдірді. Қазіргі кезде 1,6 миллиард теңгенің арызы қабылданып, құны 730 миллион теңге болатын 88 арыз қанағаттандырылды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар