7-20-25: Ақтөбе облысында ипотеканың 10 проценті жергілікті бюджеттен төленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "7-20-25" бағдарламасы аясында қай санаттағы азаматтарға 10 проценттік жеңілдіктің берілетінін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін өңірде жаңа бағдарламамен пәтер алғандардың саны 153 адамға жетті. Олардың барлығы 1,3 млрд теңгенің ипотекасын алды. "Біз қазір, әсіресе жастарға, мемлекеттік қызметкерлерге, көп балалы отбасыларға көмектесу үшін 20 проценттің 10 процентін өзіміздің жергілікті бюджеттен төлейтін болып шештік. Бүгінде Ақтөбеде сол арқылы көптеген жастар пәтер алып жатыр. Біз оны қазір баспасөз арқылы түсіндіріп жатырмыз. Біздің ойымызша, осылай ары қарай жүретін болса, осы бағдарлама бойынша пәтері жоқ ақтөбеліктердің көбісі баспаналы болады", - деді Б.Сапарбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, осы брифингте Бердібек Машбекұлы танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Ақтөбеде үлкен концертті өткізетінін жеткізді. Сондай-ақ, жұмысшылардың жалақысын қалай көтеретінін айтып берді. Самат Смақовтың "Ақтөбе" футбол клубын қалай сатып алғаны да сөз болды. 

Соңғы жаңалықтар