«7-20-25»: Ақмола облысында 250 өтініш мақұлданды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 2,2 миллиард теңге сомасында 250 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге республика тұрғындарынан жалпы соммасы 102 миллиард теңге болатын 8 939 өтініш түскен. Оның ішінде 61 миллиард теңгеге 5 181 өтініш банктер тарапынан қолдау тапты», - дейді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ аумақтық директоры Толқын Нұрмахин.null

Толқын Нұрмахиннің айтуынша, Ақмола облысында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 334 өтініштен 2,2 миллиард теңге сомасында 250 өтініш қолдау тапқан. Бастапқы баспана тапшылығын шешу үшін, Ұлттық банк «Баспана» ипотекалық ұйымы арқылы қолжетімді баспананы салу үшін үшін жергілікті органдарды жалпы құны 150 миллиард теңге сомасына қаржыландыруды бастап кетті. Қаржыландыру әр екі жыл сайын арнайы облегация шығару арқылы жүзеге асырылып отырады. Яғни, «Баспана» ипоекалық ұйымы оны нарықтық бағамен сатып алады. Бұл шешім экономиканың өсуіне, құрылыс саласының дамуына және қазақстандықтардың баспанаға қолжетімділігін арттыра түседі. Жалпы, аталмыш механизм арқылы алдағы 5 жылда бағдарлама бойынша 375 миллиард теңгеге қолжетімді тұрғын үй салынатын болады.

Ал, «Қазақстанның ұлттық банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнар Омарованың айтуынша, 2018 жылдың тамыз айында бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін Ұлттық банк тарапынан тұрғындардың төлеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін өзгеріс енгізілді.

«Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде тиісті инфрақұрылым жасалды, түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттандыру жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде ұйым тарапынан барлық өңірлерде тұрғындармен кездесу өткізіліп, 6 миллионнан астам қазақстандық қамтылды. Қазіргі кезде бағдарламаға екінші деңгейлі 6 банк қатысуда. Жалпы, 2019 жылы еліміздегі ипотекалық несиелудің 80 пайызы осы бағдаралам арқылы жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр», - деді Гүлнар Омарова.

Соңғы жаңалықтар