«7-20-25»: 5181 өтінім мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "7-20-25" бағдарламасы аясында 5181 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасын 8 банк жүзеге асырады. 7 ақпандағы жағдай бойынша банктер 61 млрд теңгеге 5 181 өтінімді мақұлдады. Ұлттық банк белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бағдарлама барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді",- деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар, ол қаржы нарығындағы ахуал жақсарып келе жатқандығын айтты. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша банктердің активтері 25,2 трлн теңгеге дейін 4,5 пайызға ұлғайды.

"90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер несие портфелінің 7,4 пайызын құрады. Бір жыл бұрын бұл 9,3 пайыз болды. Сақтандыру ұйымдарының активтері 1 трлн теңгеге дейін 13 пайызға өсті. Сақтандыру резервтері 13 пайызға ұлғайып, 520 млрд теңге болды",- деді банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар