7-10 наурыз аралығында елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі 7-10 наурыз аралығында елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

АЛМАТЫ

7 наурыз

16.00-де Esentai Mall сауда орталығында заманауи суретшілердің «Сегіз жарым» ұжымдық көрмесі өтеді. Art Future жобасы ұйымдастырған көрме Қазақстанның 12 суретшісін біріктіреді және олар сурет, графика, фото және видео өнері, мүсін, монтаж сияқты түрлі техникада, стильде және жанрда 30-дан астам туынды ұсынады.

8 наурыз

11.00-де Астана мен Қазақстанның митрополиті Александрдың батасымен Алматыдағы Әулие Николас соборы жанындағы шіркеулер жиналысы залында ауыз бекітуге арналған тағамдар фестивалі өтеді.

Іс-шараға Алматы шіркеулерінің аспаздары қатысады.

НҰР-СҰЛТАН

10 наурыз

10.00-де мәжілісте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов депутаттарға салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту туралы жаңа заң жобасын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар