+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

69 кәсіпорын 2,5 мыңға жуық жұмыскердің жалақысын төлемеген

2020 жылғы 17 ақпан 03:50
Бөлісіңіз:
69 кәсіпорын 2,5 мыңға жуық жұмыскердің жалақысын төлемеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жалақының уақтылы берілуін бақылайтын мониторингті күшейтеміз – Нұрымбетов Министрлік қазақстандық дәрігерлердің орташа жалақысын жариялады Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы айында мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

«Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді», - деді министрліктен.

Жалпы, қаңтар айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізген. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 866 фактісі анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT