670 мыңнан астам жасөспірім «Pfizer» вакцинасымен егілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 наурыздағы дерекке сәйкес, «Pfizer» вакцинасының І дозасын 944 120 адам, ІІ дозасын 803 331 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонентімен

- жасөспірімдер – 780 469,

- жүкті әйелдер – 35 671,

- бала емізетін әйелдер – 125 960.

ІІ компонентімен

- жасөспірімдер – 670 093,

- жүкті әйелдер – 29 545,

- бала емізетін әйелдер – 103 247.


Соңғы жаңалықтар