66 жастағы Павлодар тұрғыны автовокзалда жарылғыш зат бар деп хабарлады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар автовокзалында террористік акт туралы жалған хабар берген 66 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Зейнеткердің айтуынша, сол күні ол Астанаға баруды жоспарлаған, кешкі 21:00-де жүретін автобусқа билеті болған. Автовокзалға ерте келген зейнеткер дәмханадан екі литр сыра ішіп, автобусты күтіп отырған. Ішімдіктің әсерінен сотқарлық жасағысы келген. Диспетчер бөлмесіне барып, «Бәрін шақыр, қазір жарылыс болады», деп айқай салып, өз орнына отырған.

Хабарламаны алған соң, вокзалға төтенше қызмет жіберіліп, 100-ге жуық адам көшірілген. Вокзал ғимаратын саперлер тексеріп шығып, жарылғыш зат тапқан жоқ.

66 жастағы «тәртіп бұзушы» ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын ҚР ҚК 273 бабында көрсетілген «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар