+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

650 мыңнан астам қазақстандыққа АӘК IV тоқсанда автоматты түрде тағайындалады

2020 жылғы 26 қыркүйек 00:34
Бөлісіңіз:
650 мыңнан астам қазақстандыққа АӘК IV тоқсанда автоматты түрде тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 130 мың отбасындағы 650 мыңнан астам қазақстандыққа, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде қабылданды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұл шара ауылдық әкімдіктерде және жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алып, азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Азаматтар мемлекеттік органдарға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бірінші рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеру жүргізбейді. АӘК өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді.

Бұған дейін АӘК алушыларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын.

«АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз. Қазақстанда аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 760 мыңнан астам АӘК алушы бар»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT