65 жастағы ақтөбелік «күйеу жігітке» 36 млн теңгесін беріп, алданып қалды

Фото:
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік зейнеткер әлеуметтік желі арқылы өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырған белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тағы бір алаяқтық деректі тіркеді. Бірер күн бұрын ғана Ақтөбе қаласының полиция басқармасына 65 жастағы зейнеркер арыз түсірді. Ол әлеуметті желі арқылы танысқан алаяқтың құрбаны болғанын айтты.

«Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жібермін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Кейін сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керегін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар белгісіз «күйеу жігіт» зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, облыстық Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше деректерді тексеруге шақырады.

«Күдіктілер өздерін жасыру үшін дәрігерлер, нотариус немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады. Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін», - деді Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбенің Алға қаласының тұрғыны өзін тергеушімін деп таныстырған адамға алданып қалды. Ол 13 млн теңге ақшасынан айырылды.


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар