646 шетелдік мәжбүрлеп ел аумағынан шығару үшін қамауға алынды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот шешімімен елден 322 шетелдік шығарылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде 27 маусым мен 4 шілде аралығында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары шетелдіктердің тұратын жерін, құрылыс нысандарын, базарларды, ұйымдарды, сондай-ақ шетел азаматтарына жұмыс берушілерді тексереді», - деді министрлік өкілі.

Шұғыла Тұрлыбектің дерегінше, 27-28 маусым аралығында жалпы 3762 құқық бұзушылық анықталған.

«Оның ішінде: 1 239-ы – шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны, 207-і жұмыс берушілердің шетел азаматтарының еңбегін рұқсатсыз пайдаланғаны, 1 509 – шетелдіктердің келуі туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабар бермегені үшін. Сот шешімімен елден 322 шетелдік шығарылды. 646 адам мәжбүрлеп шығару үшін арнаулы қабылдау орындарына қамалды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар