63 жастағы жетісулық веломарафоншы 1 250 шақырымды бағындырып, Түркістанға келді

None
Видеодан алынған кадр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 63 жастағы жетісулық веломарафоншы 1250 шақырымды бағындырып, Түркістанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салауатты өмір салтын ұстанушы Бақытжан Бектенов Жетісу облысы Қарабұлақ ауылынан Түркістанға дейін велосипедпен 6 күн жүріп келген.

Жалпы жүріп өткен жол ұзындығы - 1 250 шақырым.

«Бұл жолы рухани шаһарға сапар шегуімнің мән-маңызы өте зор. Осындай қасиетті өлкенің мәдениеті және туризмімен жіті танысқым келді. Мені қарсы алып, құрмет көрсетіп жатқан жандарға мың алғыс. Түркістан облысында бұқаралық спорт жаңа сипатқа еніп, еліміздің болашағы жастарды спортпен көптеп шұғылдануға шақырамын», – деді Бақытжан Бектенов.

Велошабандозды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев қарсы алып, құрмет көрсетті.

Ал, кейіннен веломарафоншы Түркістан мен Кентау қалаларының велоспорт өкілдерімен, жас спортшылармен кездесіп, тәжірибесін бөлісті.


Соңғы жаңалықтар