63 жастағы тұрғын туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек ауылының тұрғыны туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір 63 жастағы зейнеткердің үстінен ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні жер үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылған. Марқұмның арқасына пышақ жарақаты салынған. 

«Зардап шегуші өз үйінің жанында қаза болған және оны ауылдасы тауып алған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қайтыс болған азаматтың 63 жастағы әкесі ұсталды. Анықталғандай, әкесі мен баласы бірігіп ішімдік ішіп, жанжал туындап, соңында бұл жағдай ауыр қылмыспен аяқталған. Оқиға орнынан пышақ табылып, айғақ зат ретінде тергеу материалдарына тіркелді» делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Осы фактіге орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар