+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда

2019 жылғы 14 желтоқсан 17:43
Бөлісіңіз:
63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік қариялар Тәуелсіздік күні қарсаңында бильярд сайысына жиналды. Қалалық біріншіліктің ашылу рәсіміне қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев пен қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай, қарымды журналист Байдулла Қонысбек және бір топ ардагер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30-ға жуық ардагер қатысқан сайыстың талабы бойынша зейнеткерлер 63-75 және 75 жастан жоғары топ бойынша бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Барлығы да бұған дейін көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып, тастаяқты ұршықша иіргендер. Республикалық деңгейдегі төрешілер сайысқа кіл мықтылар қатысып жатқанын айтты. «Біздің қарттарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бильярд ойыны кейінгі кезде өте дамып, қарттар арасында да өз орнын тауып отырған жағдайы бар. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады», - деді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, қалыптасқан дәстүр бойынша әлемнің барлық елдерінде қарияларға қашанда құрмет көрсетіліп, олардың ғибратты даналықтары мен аталы да баталы сөздері ерекше құрметке ие болған. Аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT