+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

2019 жылғы 19 тамыз 11:48
Бөлісіңіз:
63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау мектептерінде елуге жуық «Әбіштану» кабинеттері бар Оқушының діни ұстанымын дұрыс қалыптастыру маңызды – Нұрболат Айекешов «Мектепке жол»: Жамбылдық 30 мыңға жуық балаға көмек көрсетілді

«Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың қабілеттерін дамытуға, оқушылардың білімі мен дағдыларын нақты тәжірибеде және функционалдық сауаттылықта қолдануға бағытталған. 2016 жылдан бастап НЗМ тәжірибесіне сәйкес 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болатын. Жаңа оқу жылында 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады. Осы бағытта 15 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті «, - дейді Г.Қожабергенова Алматыдағы білім беру қызметкерлерінің форумы барысында.

Оның айтуынша, химия, биология, физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін қолдану бойынша жұмыс жалғасады.

«Қазіргі уақытта аталған пәндердің оқытушылары ағылшын тілін үйренуде, курс осы жылы аяқталады », - деді департамент басшысы.

Айта кету керек, бүгін Алматыда білім беру қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр, оның барысында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттер айқындалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT