60 жастағы зайыбын қызғанған қарағандылық азамат лаңкестік актісі туралы жалған хабар таратқан

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда теміржол вокзалының ғимаратындағы жолаушының сөмкесіне салынған жарылғыш зат туралы жалған хабарламаның салдарынан 245 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы облыстық ІІД-нің бьаспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның ақпаратынша, оқиға өткен жексенбі күні күндіз орын алды.

«13 наурыз күні сағат 15:33-те Абай аудандық ІІБ-на белгісіз біреу телефон соғып, пойызбен Алматыға бара жатқан 42 жастағы ер адамның сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін хабарлады. Жол полициясы полкінің қызметкерлері бұл адамды Қарағандының теміржол вокзалының ғимаратында ұстады. Вокзал ғимаратынан 245 адам қауіпсіз жерге шығарылды», - делінген хабарламада.

Арлан арнайы бөлімшесінің қызметкерлері екі сөмкені қарап шықты, жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат 17:20-да іс-қимылдар тоқтатылды.

«Жедел-іздеу шараларының барысында Абай аудандық ІІБ-ның қызметкерлері күдікті азаматты өз пәтерінде ұстады. Ол Жалған хабарлама бойынша ұсталған ер адамның 33 жастағы танысы болып шықты. Ол өз әрекетін алкогольдік мас күйінде болып, қызғаныштан жалған ақпарат бергенімен түсіндірді», - деп ақпараттандырды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ол 60 жастағы зайыбын таныс ер адамнан қызғанған.

Енді қызғаншақ ҚР ҚК-нің 273-бабымен (Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар