60-тан астам жетісулық азамат мемлекеттік наградаларға ие болды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Шараның ресми бөлімінің барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аймақ тұрғындарын елдің басты мерекесімен құттықтады.

- Бүгін еліміз Тәуелсіздігінің 23 жылдығын түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізудегі үлкен жетістіктермен қарсы алуда. Оған дәлел ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа экономикалық саясатты бастаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының іске асырылуын айтуға болады.

Құттықтау сөзінен кейін Амандық Ғаббасұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Тәуелсіздікті нығайтуда қомақты үлестерін қосқан жетісулықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады. «Құрмет» орденімен Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов пен аймақтың басқа бірқатар өкілі атап өтілді. Салтанатты жиында облыстың 60-қа жуық тұрғыны «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамоталарымен марапатталды.

Мерекелік шара жергілікті шығармашылық ұжымдардың концертімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар