+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

60 млн адам пандемия салдарынан тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін -Дүниежүзілік банк

2020 жылғы 20 мамыр 11:42
Бөлісіңіз:
60 млн адам пандемия салдарынан тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін -Дүниежүзілік банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша 60 миллионға жуық адам пандемия салдарынан кедейшіліктің шекті жағдайында болуы мүмкін, деп санайды Дүниежүзілік Банктің (ДБ) президенті Дэвид Мэлпас. Тиісті мәлімдеме сейсенбі күні ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысты кеңес өтті Евгений Комаровский: Жабық нысанда міндетті түрде маска тағу керек

«Пандемия және дамыған экономикалардың тоқтап тұруы 60 миллионға жуық адамды кедейлікке әкелуі мүмкін. Бұл жақында кедейлікпен күрес жұмыстарының айтарлықтай бөлігін жоққа шығарады», - деп мәлімдеді Мэлпас.

Ол экономикалық өсімге оралу үшін төтенше жағдайға тез және икемді әрекет ету, халықтың кедей топтарына, оның ішінде ақшалай көмек көрсету, жеке секторды қолдау және экономиканың тұрақтылығын нығайту қажет екенін атап өтті.

Мәлімдемеде Дүниежүзілік банк әлем халқының 70% құрайтын 100 елде індетпен күресуге көмектескені айтылған. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік банк 15 ай ішінде пандемия зардаптарымен күресу үшін дамушы елдерге гранттар, несиелер және инвестициялар түрінде 160 миллиард АҚШ долларын бөлуді өз міндетіне алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT