6 жыл бұрын ұрланған Пикассоның картинасы Румыниядан табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның (1881-1973) алты жыл бұрын,  Роттердамдағы «Кюнстхал» көремөнер галереясынан ұрланған  «Арлекина басы» картинасы  Румыниядан табылды, деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы жексенбіде Румыния елінің Ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес басқармасыының баспасөз қызметі мәлім еткен.

«Прокурорлар сенбі күні кешкілік Тулча үйезінде табылған құны  €800 мың шамасындағы Пикассоның картинасының табылуы оқиғасын  тексеруде»,- делінген ведомоствоның мәлімдемесінде.

Картинаны Нидерландының екі азаматы тапқан. Сенбі күні олар бұл құнды дүниені Бухарестегі Голландия елшілігіне жеткізген. Қазіргі уақытта полотноның  түпнұсқалығын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Картинаны 2012 жылғы 16 қазанда өзге де атақты  суретшілердің шығармаларымен бірге  ұрлап кеткен. Сарапшылардың бағалауы бойынша қолды болған туындылардың құны 200 млн еуроға жуық.

Соңғы жаңалықтар