6 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Тек еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар